Жаңалықтар
02.09.2022ж. қызметкерлер мен студенттер қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 85 адам келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 25 л 650 мл донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК Қарағанды Заң академиясының басшылығына және донорларға Акцияға белсенді түрде қатысқандары үшін алғысын білдіреді.
19.08.2022ж. «Вупипай» ЖШС қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 23 донор келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 11 л 799 мл донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК ұйымның басшылығына және Акцияға қатысып белсенділік көрсеткен донорларға алғысын білдіреді.
01.07.2022 ж. «Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа барлығы 60 адам қатысты, донацияға 51 адам жіберілді, Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 26 л астам донорлық қан дайындалды.
Акцияға «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС, Қарағанды облысының ТЖД, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанттары мен қызметкерлері, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттері, Қарағанды облысының әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ тұрақты қан донорлары белсенді түрде ат салысты.
«Облыстық қан орталығы» КМК Акцияға белсенді қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
«Облыстық қан орталығы» КМК басшылыққа және Акцияға қатысып белсенділік көрсеткен донорларға алғысын білдіреді.
Бүгін 13.04.2022 ж. «Облыстық балалар ауруханасы» КМК-да донорлық сессия өткізілді, 25 қызметкер қан тапсыру акциясында белсенділік көрсетті. Қанға деген мұқтаждылығы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 15 л донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Облыстық балалар ауруханасы» КМК-ға және донорлық сессияға белсенділік көрсетіп қатысқан донорларға алығысын білдіреді.
11.04.2022ж. «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 31 адам келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 15л астам донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК басшылығына донорлық сессияны ұйымдастыру және өткізгені үшін және Акцияға белсенді түрде қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
01.04.2022ж. Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері мен студенттері қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 30 адам келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 15л 390 мл донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК Қарағанды техникалық университетінің басшылығына және Акцияға белсенді қатысқан донорларға алғыс білдіреді.
Бүгін 29.03.2022 ж. «INLAFE» ЖШС қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысып, белсенділік танытты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 20 донор келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 10 л донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «INLAFE» ЖШС басшылығына және Акцияға қатысып белсенділік көрсеткен донорларға алғысын білдіреді.
25.03.2022ж. «Теміртау қ. №4 емханасы» КМК қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін 20 адам ұсыныс білдірді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 10 л-ден астам донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Теміртау қ. №4 емханасы» КМК басшылығына донорлық сессияны ұйымдастыруға қолдау жасағандары үшін және Акцияға белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
Бүгін 24.03.2022ж. «Шұбаркөл Көмір» АҚ қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 32 адам қатысуға өтінім білдірді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 16 л-ден астам донорлық қан дайындалды.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ басшылығы донорлық сессияға қатысқан қызметкер-донорларды қолдауға және ынталандыруға шешім қабылдады. Белсенділік білдірген барлық қызметкер корпоративті стильдегі сыйлармен, пайдалы сыйлықтармен ынталандырылды. Лотерея ойнатылды, мысалы бірінші жол салушы, Артем Артемов корпоративті желетке сияқты сыйлықты ұтып алды. Кәсіпорынның басқа қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Донор болған өзге қызметкерлерге корпоративті стильдегі құнды жүлделері мен сыйлықтары бар ұтылыссыз лотерея ойнатылды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Шұбаркөл Көмір» АҚ басшылығына және Акцияға белсене қатысқан қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіреді.
Бүгін 11 наурыз 2022 жылы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 31 адам келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 15 л 903 мл донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына және қызметкерлеріне белсене қатысқандары үшін өзінің алғысын білдіреді.
Бүгін 2022 жылдың 10 наурызында «ҚР Ұлттық Гвардиясының 5516 әскери бөлімі» РММ 20 әскери қызметкері өтеусіз донорлыққа қатысуға ниет білдірді. Бөлім командирі полковник Зарипов Курмет Сериковичке және белсене қатысқан әскери қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз. Болашақта ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп шын жүректен үміттенеміз!
Көктемнің алғашқы күнін қазақстандықтар «рахмет» сөзімен қарсы алды. Себебі 1 наурыз жаңа, алайда мағынасы терең мереке – «Алғыс айту күнін» тойлап өтті. Бұл мерекенің ерекшелігі, оны көктемнің алғашқы күні – жаңару мен үміт уақытында тойланатындығы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚОДСБ «Облыстық қан орталығы» КМК тұрақты донор Полуэктов Олег Вячеславовичті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін» төс белгісімен және «Облыстық қан орталығы» КМК құрмет грамотасымен марапаттау шарасы өткізілді.