11.04.2022ж. «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 31 адам келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 15л астам донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК басшылығына донорлық сессияны ұйымдастыру және өткізгені үшін және Акцияға белсенді түрде қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
Көшпелі жағдайда «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК донорларын «Info Donor» ААЖ тіркеу және медициналық қарап-тексеру жүргізу үстінде
Көшпелі жағдайда «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК донорларына бастапқы зертханалық қарап-тексеру жүргізу үстінде