Қарағанды облысының емдеу мекемелерінің COVID-19-ға антиделері бар иммундық плазмаға деген қажеттілігінің артуына байланысты ҚО ДСБ «Облыстық қан орталығы» КМК 2021 жылдың 21 және 22 мамырында Балхаш қаласының Медициналық колледжінің базасында иммундық плазманы дайындау бойынша көшпелі донорлық сессияны өткізді. Акцияда Балхаш қаласының ТЖ басқармасының және полиция қызметкерлері белсене ат салысты. Балхаш қаласының әкімі Таурбеков Ораз Кайсаевич плазма тапсырды. 35 донордан иммундық плазманың 105 емдік дозасы дайындалды.
ҚО ДСБ «Облыстық қан орталығы» КМК Балхаш қаласының Медициналық колледжінің басшылығын және плазманы тапсырған донорларға іс-шараны өткізуге көмек бергендері үшін алғысын білдіреді.