«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнына көшпелі жағдайда дәрігердің донорға медициналық куәландыру жасауы
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнында донорлық қанды алу сәті
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнында донорлық қанды алу сәті
Бүгін 24.03.2022ж. «Шұбаркөл Көмір» АҚ қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 32 адам қатысуға өтінім білдірді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 16 л-ден астам донорлық қан дайындалды.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ басшылығы донорлық сессияға қатысқан қызметкер-донорларды қолдауға және ынталандыруға шешім қабылдады. Белсенділік білдірген барлық қызметкер корпоративті стильдегі сыйлармен, пайдалы сыйлықтармен ынталандырылды. Лотерея ойнатылды, мысалы бірінші жол салушы, Артем Артемов корпоративті желетке сияқты сыйлықты ұтып алды. Кәсіпорынның басқа қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Донор болған өзге қызметкерлерге корпоративті стильдегі құнды жүлделері мен сыйлықтары бар ұтылыссыз лотерея ойнатылды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Шұбаркөл Көмір» АҚ басшылығына және Акцияға белсене қатысқан қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіреді.