25.03.2022ж. «Теміртау қ. №4 емханасы» КМК қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін 20 адам ұсыныс білдірді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 10 л-ден астам донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Теміртау қ. №4 емханасы» КМК басшылығына донорлық сессияны ұйымдастыруға қолдау жасағандары үшін және Акцияға белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
«Теміртау қ. №4 емханасы» КМК көшпелі жағдайда донорға бастапқы зертханалық тексеру жүргізу
«Теміртау қ. №4 емханасы» КМК көшпелі жағдайда донорлық қанды алу сәті
«Теміртау қ. №4 емханасы» КМК көшпелі жағдайда дәрігердің донорға медициналық куәландыру жүргізуі