01.04.2022ж. Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері мен студенттері қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 30 адам келді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 15л 390 мл донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» КМК Қарағанды техникалық университетінің басшылығына және Акцияға белсенді қатысқан донорларға алғыс білдіреді.
Донорлық сессияны өткізу кезінде Қарағанды техникалық университетінде дәрігердің донорды медициналық тексеруі
Донорлық сессия өткізу кезінде Қарағанды техникалық университетінде қан донациясы алдында донорды бастапқы зертханалық тексеру
Донорлық сессия өткізу кезінде Қарағанды техникалық университетінде донорлық қанды алу үстінде