1)Үйге шақырту
Қызметке өтінім беру: Егер орталыққа талдау тапсыру үшін уақытыңыз болмаса немесе кез келген себептердің болуына байланысты келе алмасаңыз үйден шықпастан өз денсаулық жағдайыңзды бақылап, талдауларды тапсыра аласыздар!
Өтінім қалдырыңыз және білікті мамандар сіз үшін ыңғайлы уақытта биоматериалдарды алуға келеді.
Өтінімді телефон нөмірі арқылы қалдырыңыз: +7(7212) 50-30-33 (тіркеу бөлімі)
Біздің мамандар сізбен хабарласып, зерттеу құны, шектеулер туралы кеңес береді, сондай-ақ бару уақытын растайды.
Биоматериалды жинау үшін Қарағанды қ. бойынша бару құны: 2000 тг.
Қызметті көрсету кестесі:
| Қызметтер |
Дүйсенбі – Жұма |
|
Өтінімді қабылдау кестесі |
8:00-ден 17:30-ға дейін |
|
Медперсоналдың бару кестесі |
9:00-ден 13:00-ға дейін |
Талдау нәтижелерін қалай алуға болады:
Бланкте :Келесі күні жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, ҚО ДСБ «Облыстық қан орталығы» КМК тіркеу бөлімінен алуға болады (дүйсенбіден сенбіге дейін сағ. 8:00-ден 16:00-ге дейін).
2)Прейскурантқа сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу:
- Иммуногематологиялық (қан тобын және резус-факторды анықтау, антиэритроциттік антиденелердің бар-жоғын анықтау, антиденелер титрін анықтау, Кумбс сынамасын қою, донорлық қанды рецептіге жеке іріктеу)
- Гематологиялық (қанның жалпы талдауы, гемоглобин)
- Биохимиялық (жалпы ақуыз, АЛАТ)
- Инфекциялар диагностикасы (В, С гепатиттері, мерез).
Назар аударыңыз! Төменде келтірілген дайындық ережелерін сақтау сынақ нәтижелерінің сапасына тікелей әсер етеді, сондықтан басқа ережелерді жіберетін дәрігер ұсынған жағдайларды қоспағанда, олар дәл сақталуы керек. Мұндай жағдайларда зертхана тапсырыс берілген сынақтар нәтижелерінің сапасына кепілдік бере алмайды. Хилозды қан сарысуын болдырмау үшін қан тапсыруға дайындықтың жалпы ережелерін сақтау ұсынылады.
Зертханалық зерттеулерге қан алу үшін науқастыдайындау ережелері
- Қан алудан 24 сағат бұрын тамақтануды өзгертуге жол берілмейді, алкоголь ішуді болдырмау;
- Қан сараптамасының барлық түрлері үшін 200 мл газсыз ауыз суды (шай, кофе, шырындарды және т.б. алып тастау) ішуге рұқсат етіледі.
- Қан сараптамасының барлық түрлері үшін 200 мл газсыз суды ішуге рұқсат етіледі (шай, кофе, шырындарды және т.б. алып тастау қажет);
- Барлық тексеру түрлеріне 1-2 күн қалғанда қуырылған және майлы тағамдарды жеуден бас тарту қажет;
- Зерттеу үшін қанды таңертен аш қарынға (8 сағаттық түнгі аштықтан кейін) алу ұсынылады. Майы аз тағамды жегеннен кейін кемінде 3 сағат өтсе, ИХЛА жүргізуге рұқсат етіледі;
- Дәрі-дәрмектерді қабылдауға тыйым салынады, өйткені олар сараптама нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Препаратты тоқтату уақыты преператтың қаннан шығарылу мерзіміне байланысты. Таңертеңгілік дәрі-дәрмек қан сынамасынан кейін ғана қабылданады. Дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату мүмкін болмаса, бұл туралы МЗ маманына хабарлау қажет;
- Зерттеу қарсаңында физикалық және эмоционалдық стрессті, монша, сауналарды алып тастау қажет;
- Зерттеу алдында кем дегенде 1 сағат темекі шегу ұсынылмайды;
- Зертханаға келгеннен кейін қан сынамаларын алу алдында 10-20 минут демалу (отыра тұру) ұсынылады;
- Егер емделу кезінде қайтадан сараптамалар қажет болса, онда тәуліктің бір уақытында жасалуы керек;
- Ем-шаралар - рентген, УДЗ, инъекциялар, массаждар, физиотерапия шаралары сараптамадан өткеннен кейін орындалуы қажет;
- Ата-аналар толығымен сабырлы болуы керек, өйткені балалар, әсіресе сәбилер, анасының көңіл-күйіне өте сезімтал және жүйкеленуі мүмкін;
- Сараптама тапсыру үшін ең қолайлысы таңертеңгісағат, 8.30 бен 11.00 аралығында сынаққа келіңіз.
- Сәби баланы сараптамадан бұрын жасанды сүтпен тамақтандырмаңыз; соңғы тамақтандыру қан алудан 1,5 – 2 сағат бұрын болу керек;
- Егде жастағы балалар үшін сараптамаға 1-2 күн бұрын олардың тамағынан майлы, қуырылған тағамдар мен тәттілерді алып тастаңыз. Қан алу алдында шырын, печенье немесе кәмпит бермеңіз;
- Қан тамырлары жақсы толу үшін, жасына байланысты балаға 50-100-200 мл суберіңіз, қан алудан 30 минут бұрын;
- Қан алу кезінде баланың қолы міндетті түрде жылы болуы керек. Егер сіз суық көшеден келген болсаңыз, оларды жылыту қажет. Бұл міндетті және өте маңызды шарт, оған медициналық қызметкер алатын қан мөлшері байланысты;
- Қан алу алдында баланы мүмкіндігінше ыңғайлы етіп орналастыру керек. Мейіргер/зертханашы қан алуды бастағанға дейін, бірнеше минут керек. Бұл уақыт баланың тынышталып, қоршаған кеңістікке аздап үйренуі үшін жеткілікті болады.
4)Сынамалар алу туралы ақпарат:
Медициналық зертхана зертханалық қызметтерді тұтынушылардың жеке мәліметтерінің құпиялығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттандырылған ерікті келісім
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына, 134-бабының, 145-бабына сәйкес өз құқықтарымды басшылыққа ала отырып, ҚО ДСБ «Облыстық қан орталығы» КМК қызмет көрсетуге келісім беремін:
- зертханалық зерттеулер үшін капиллярлық және/немесе веноздық қан алуға;
- зертханалық зерттеулердің келесі түрлерін енгізуге (жазылсын): ______________________________________________________________________________________________________________________
- зертханалық зерттеу нәтижелерін алуға;
- жеке медициналық деректерді, жинауға, өңдеуге және сақтауға, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелерде.
Маған медициналық араласу басталғанға дейін кез келген уақытта бас тартуға құқығым туралы хабардармын.
Дәрігердің жолдамасы болмаған жағдайда, мен тағайындаған, жолдама қолхатында көрсетілген емдік-диагностикалық процедуралармен/зерттеулермен келісетінімді растаймын және оларды тағайындаудың/өткізудің негізділігіне қатысты ешқандай шағым жасамаймын.
Мен тапсырыс берген зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы кез келген ақпаратты келесі тұлғаларға хабарлауға рұқсат етемін:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Т.Ә.Ж. (бар боса), байланыс телефоны
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Т.Ә.Ж. (бар боса), байланыс телефоны
Мен осы құжаттың барлық тармақтарымен танысқанымды және келісетінімді растаймын. Мен барлық терминдердің мағынасын түсінетінімді растаймын, сұрақтар қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік алдым, ал алынған түсініктемелер мені қанағаттандырады.Пациент ______________________________ _______________ __________________
Т.Ә.Ж. Қолы байланыс №
Медициналық маман _________________________________ _____________
Т.Ә.Ж. Қолы
«___»___________ ______ ж.
5)Инфекциялар диагностикасы зертханасына қан үлгілерін алу, сақтау тасымалдау тәртібі туралы медициналық ұйымдарды ақпарттандыру.
6)Зертханалық зерттеулерді орындау кестесі:
| № | Зерттеу | Орындау жиілігі | Дайын болу мерзімі |
| 1 | Анализаторда эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) өлшеу арқылы қанның жалпы талдауы (ЖҚТ) |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 2 | Жалпы ақуызды анализаторда анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 3 | Гемоглобин деңгейін экспресс-анализаторда анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 4 | АЛаТ деңгейін экспресс-анализаторда анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 5 | Қан тобын АВО жүйесі бойынша және резус-факторды қолмен анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 6 | Қанның ұю уақытын қолмен анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 7 | Қан тобын АВО жүйесі бойынша және резус-факторды анализаторда анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 8 | Кумбстың жанама тестінде антиэритроцитарлық антиденелерді анализаторда анықтау (сапалық тест) |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 9 | Кумбстың жанама тестінде антиэритроцитарлық антиденелер титрін анализаторда анықтау (сандық тест) |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 10 | Кумбстың тікелей тестін анализаторда жүргізу |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 11 | Анализаторда тұрақты емес антиэритроцитарлық антиденелердің ерекше түрлерін анықтау |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 12 | ИХЛА әдісімен жабық типтегі анализаторда сифилис, В және С гепатиттеріне зерттеу (сапалық тест) |
Күнделікті (дүйсенбі–сенбі) |
1 күн |
| 13 | ИФА әдісімен ашық типтегі анализаторда сифилис, В және С гепатиттеріне зерттеу (сапалық тест) | Кесте бойынша (аптасына 1–2 рет) | 1 күн |