Биохимиялық зерттеулер
Дайындық: Зерттеуге арналған биоматериалды аш қарынға тапсыру қажет. Соңғы рет тамақтану мен қан алу арасында кемінде 8 сағат өтуі керек (дұрысы – кемінде 12 сағат). Шырын, шәй, кофе (оған қоса қант қосуға) – жол берілмейді. Су ішуге болады.
Зерттелетін материал: Көктамыр қаны (ЭДТАмен)
Аланинаминотрансфераза (АЛТ) - трансфераз тобынан эндогенді фермент, зақымдалған бауырды зертханалық диагностикалау үшін медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Ферменттің белсенділігі ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда төмен. АЛТ бай (бауыр, жүрек бұлшықеттері, қанқа бұлшықеттері, бүйрек) жасушалар зақымданған немесе бұзылған кезде бұл ферменттер қан ағымына шығарылып, қанда оның белсенділігі арта түседі.
Жабдық:
1)Биохимиялық экспресс-талдауыш «Mission С100» - үстел үстінде тұратын экспресс-талдауыш, тест-жолақтың көмегімен жаңа алынған қандағы, плазмадағы және қан сарысуындағы АЛТ сандық талдауын анықтауға арналған.
Биохимиялық экспресс-талдауыш «Mission С100» (АҚШ өндірісі)
2) Автоматты биохимиялық талдауыш «DIRUI CS-T240» (ҚХР өндірісі) – үстел үстынде тұратын қан сарысуындағы биохимиялық көрсеткіштерді сандық анықтауға арналған.
Автоматты биохимиялық талдауыш «DIRUI CS-T240» (ҚХР өндірісі)
Жалпы ақуыз көрсеткіштері – ақуыз алмасуының маңызды көрсеткіші. Сарысудағы жалпы ақуыздың шоғырлануы, негізінен, екі ақуыз фракциясы – альбуминнің және глобулиннің синтезі мен ыдырауына байланысты. Альбумин көбінесе, бауырда, ал глобулин – лимфоцитте синтезделеді.
Орындалу мерзімі:1 жұмыс күні (шұғыл түрде 2 сағатта).