Донорлыққа қатысу үшін Сіз жексенбіден басқа, күн сайын сағат 8.00-ден 15.00-ге дейін, Кешілер даңғылы 81 мекенжайы бойынша келе аласыз . Өзіңізбен жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс.
Вопросы и ответы KZ
Донорлардың жиі қоятын сұрақтары
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 07.07.2020 ж. № 360 – VI Кодексіне сәйкес
1. Жұмыскер жұмыс күндері медициналық зерттеп-қаралу және қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау кезінде орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.
2. Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.
Донорлыққа кемінде 60 кг болатын адам жіберіледі. Дене салмағында жетіспеушілігі «Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» № ҚР ДСМ 02.10.2020 жылғы ҚР ДСМ-113/2020 бұйрығына сәйкес донорлыққа абсолютті қарсы көрсетілім болып табылады.
- Инфекциялық аурулар: В және С гепатиті, АИТВ-инфекциясы, ЖИТС, мерез, туберкулез (барлық түрлері), туляремия, бөртпесүзек, лепра, АИТВ, мерез, В, С, вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зерттеулердің оң нәтижесі
- Иньекциялық есірткі тұтынушылары, алкоголизм, наркомания, токсикомания;
- Жүрек–қан-тамырлық аурулар: II-III деңгейдегі гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз; атеросклеротикалық кардиосклероз; облитерациялайтын эндартериит, ерекше емес аортоартрит, қайталанба тромбофлебит, эндокордиттер, миокардиттер, жүрек кемістігі (туа және жүре біткен);
- Ағза функциялары мен зат алмасудың қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе аурулары, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны);
- Тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоздар;
- Қатерлі ісіктер және қан аурулары;
- Қол-аяғының біреуінің алынуымен, паренхиматозды және/немесе жыныс органдарының немесе ағза мүшелерінің (бауыр, бүйрек, өкпе, асқазан) бөлігін алумен жүргізілген операциялар.
- 1
- 2
Өз сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба?
Бізбен хабарласыңыз, біз қажетті ақпаратты береміз.
Құрметті донорлар!
|
Сұрақ қою
|