«Облыстық қан орталығы» КМК қызметінің басым бағыттарының бірі – медициналық ұйымдардың дәрігерлерін даярлау. Мамандар үшін қан тобы мен резус-тиесілігін анықтау әдістемесін меңгеруге арналған тағылымдама циклі өткізіледі. Бағдарлама аясында қан компоненттерін қауіпсіз қолдану мәселелеріне, нормативтік талаптарды сақтауға, сондай-ақ АВО жүйесі және резус-фактор бойынша қан тобын анықтаудың заманауи әдістерін зерделеуге ерекше назар аударылады.
Оқытуды өткізу медициналық көмектің сапасын арттыруға, гемотрансфузияны жүзеге асыру кезіндегі қауіптерді азайтуға және трансфузиялық терапияны ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Аталған бағытты іске асырудың арқасында облыстың медициналық ұйымдарының мамандары тұрақты негізде өздерінің кәсіби деңгейін көтеруге, әріптестерімен тәжірибе алмасуға және өз жұмысында заманауи тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік алады.


