2026 жылғы 01-02 сәуірде "Облыстық қан орталығы" КМК-да РФ ДСМ "Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығы" ФГБУ Трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Мадзаев Сергей Руслановичтің қатысуымен өндірістік трансфузиологияның медицина қызметкерлері үшін "Қан компоненттерінің инфекциялық қауіпсіздігіндегі жаңа үрдістер" тақырыбында семинар өтті.
Семинарда қан компоненттерінің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері, тәуекелдерді азайту, септикалық трансфузиялық реакциялар және т.б. қамтылды. Семинар барысында екі ел арасында тәжірибе алмасу өтті және өндірістік трансфузиологияның өзекті сұрақтарына жауаптар берілді.