Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 380-3-баппен толықтырылды, ол бап медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғауды едәуір күшейтеді. Енді олар өз міндеттерін орындау кезінде кез келген қорқыту, күш көрсету әрекеттері немесе шабуыл жасау қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.
ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа 380-3 бабы нені көздейді?:
Медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолданамын деп қорқыту —
200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Дәл осы әрекет егер:
* екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
* адамдар тобы жасаған болса;
* бірнеше рет қайталанса;
* ТЖ, жаппай тәртіпсіздік немесе төтенше жағдай режимі кезінде жасалса —3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану —
500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Егер мұндай әрекет топпен, қайталанып немесе төтенше жағдай кезінде жасалса —
жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі.
Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану —
5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
ТЖ жағдайында топтық немесе қайталама шабуылдар кезінде — жаза мерзімі 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Бұл бап күн сайын адамдардың өмірін құтқарып жүрген мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Егер сіз медицина қызметкерлеріне қатысты қорқыту немесе шабуыл жасау жағдайының куәсі болсаңыз — 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз