«Абзал» СҮ қан тобын тегін анықтау бойынша акциясы
16 Қаңтар 2026
16 қаңтарда «Абзал» СҮ барлық тілек білдірушілер үшін қан тобын тегін анықтау бойынша акция өтті. Сауда үйінің келушілері өздерінің қан тобын білуге, мамандардың білікті кеңестерін алуға және донорлық пен денсаулықты сақтау туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік алды.«Абзал» СҮ әкімшілігі мен қызметкерлеріне акцияны ұйымдастыруға көрсеткен көмегі және белсенді қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқаны және өз денсаулығына көңіл бөлгені үшін алғыс айтамыз. Сіздердің донорлық қозғалысты дамытуға қосқан үлестеріңіз өте маңызды әрі бағалы.
Түсініктеме жүктеу...