ҚО ДСМ «Абай қ. ауруханасы» ШЖҚ РМК донорлық сессия
23 Желтоқсан 2025
2025 жылдың 24 желтоқсанында ҚО ДСМ «Абай қ. ауруханасы» ШЖҚ РМК қызметкерлері донолық акцияға белсенді қатысты. Акцияға 32 адам қатысты, оның 12 донор болды. Іс-шараның нәтижесінде Қарағанды облысындағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 6, 156 литр донорлық қан жиналды. «Облыстық қан орталығы» КМК, ҚО ДСМ «Абай қ. ауруханасы» ШЖҚ РМК басшылығы мен қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы мен донорлық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Түсініктеме жүктеу...