


2025 жылдың 9 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде қан және гемопоэтикалық дің жасушалары (ГДЖ) донорлығының өзекті мәселелеріне арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ерікті донорлықты дамытудың негізгі аспектілері, оның денсаулық сақтау жүйесі үшін маңыздылығы, донация рәсімдерінің кезеңдері, сондай-ақ гемопоэтикалық дің жасушаларын тапсырудың ерекшеліктері мен қағидалары талқыланды. Ұлттық донорлар регистрін қалыптастыру және жастардың донорлық қозғалысқа қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Дәріс ашық диалог форматында өтті: қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сенімді ақпарат алып, әр адамның өмірді құтқаруға қалай үлес қоса алатынын тереңірек түсінді.
Тақырыпқа бейжай қарамай, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз


