«Өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері туралы» «РФ ДСМ Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығы» ФБММ әріптестерімен тәжірибе алмасу
2025 жылдың 19 наурызда, Облыстық қан орталығында РФ ДСМ Мәскеу қ. Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығы кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сергей Мадзаев Руслановичтың қатысуымен, өндірістік трансфузиологияның медицина қызметкерлеріне арналған «Өндірістік және клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында, семинар өтті. Семинарда қан компоненттерінің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері, қауіп-қатерді азайту, септикалық трансфузиялық реакциялар және т.б. қарастырылды. Семинар барысында елдер тәжірибе алмасып, өндірістік трансфузиологияның өзекті сұрақтарына жауап берді.