"Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі" тақырыбында спикер Қарағанды қ. "Жастар ресурстық орталығы" КММ дін істері және конфессияаралық қатынастар секторының меңгерушісі Е. М. Есказин сөз сөйледі, ол діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу жөніндегі профилактикалық жұмыстың негізгі сәттерін белгілеп берді. Іс-шара барысында экстремистік қозғалыстар мен топтардың идеологтарының қазақстандық жастардың санасына компьютерлік коммуникация, ұялы байланыс, мультимедия арқылы әсер ету мүмкіндіктері, экстремистік ұйымдардың интернетті өз идеяларын насихаттау және жаңа жақтастарын тарту үшін трибуна ретінде пайдалануы қамтылды. Қазақстанның интернет-кеңістігінің мониторингі, радикалды діни идеологияның таралуын болдырмау мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан жұмыстар мен сайттарға сипаттама берілді.