24.07.2023 ж. « Евразиан фудс» АҚ қызметкерлері Донор күніне белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін 29 адам ұсыныс білдірді, донорлық қанды 20 донор тапсырды. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 9 л астам донорлық қан дайындалды. «Облыстық қан орталығы» КМК« Евразиан фудс» АҚ басшылығына және донор күніне белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
«Евразиан фудс» ЖШС донорлық сессияны өткізу кезінде донорға медициналық тексеру жүргізу.
«Евразиан фудс» ЖШС донорлық сессияны өткізу кезінде қан донациясы алдында донорға бастапқы зертханалық қарап тексеру жүргізу.
«Евразиан фудс» ЖШС донорлық сессияны өткізу кезінде донорлық қанды алу барысы.