20.04.2023 ж «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК қызметкерлері донор күніне белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 27 адам ұсыныс білдірді, донорлық қанды 26 донор тапсырды.Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 11 л шамасында донорлық қан дайындалды.«Облыстық қан орталығы» КМК «Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК басшылығына және донор күніне белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
«Info Donor» бағдарламасында донорды тіркеу
«Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК-да донорлық сессияны жүргізу кезінде қан донациясы алдында донорды бастапқы зертханалық тексеру
«Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығы» КМК-да донорлық сессияны жүргізу кезінде донорлық қанды алу