28-29.03.2023 ж. «Жезқазған қаласының көпбейтінді ауруханасы» КМК базасында Донор күндері өткізілді. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 144 донор ұсыныс білдірді, донорлық қанды 115 донор тапсырды.Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 51 л астам донорлық қан дайындалды. «Облыстық қан орталығы» КМК «Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасы» КМК басшылығына және Донор күніне белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
«Info Donor» бағдарламасында донорды тіркеу
«Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасы» КМК донорлық сессияны жүргізу кезінде қан донациясы алдында донорға бастапқы зертханалық тексеру
«Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасы» КМК донорлық сессияны жүргізу кезінде донорлық қанды алу