06.04.2023 ж «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК қызметкерлері Донор күніне белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін 21 адам ұсыныс білдірді, донорлық қанды 17 донор тапсырды. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 7 л астам донорлық қан дайындалды. «Облыстық қан орталығы» КМК «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК басшылығына және донор күніне белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
«Info Donor» бағдарламасында донорды тіркеу
«Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК-да донорлық сессияны жүргізу кезінде қан донациясы алдында донорды бастапқы зертханалық тексеру
«Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК-да донорлық сессияны жүргізу кезінде донорлық қанды алу