02.02.2023 ж. Қарағанды техникалық университеті қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін 46 адам ұсыныс білдірді, донорлық қанды 36 донор тапсырды.
Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 16 л астам донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы Қарағанды техникалық университеті басшылығына және Акцияға белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
«Info Donor» бағдарламасында донорды тіркеу
Академик Абылкас Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінде донорлық сессияны жүргізу кезінде қан донациясы алдында донорға бастапқы зертханалық тексеру
Академик Абылкас Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінде донорлық сессияны жүргізу кезінде донорлық қанды алу