07.12.2022 ж. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы қызметкерлері және курсанттары қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысты. Донорлыққа қатысу үшін 41 адам ұсыныс білдірді, донорлық қанды 35 донор тапсырды.
Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 17 л астам донорлық қан дайындалды.
«Облыстық қан орталығы» ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына және Акцияға белсене қатысқан донорларға алғысын білдіреді.
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында донорлық сессияны өткізу кезінде курсанттың сауалнаманы толтыру кезі

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында донорлық сессияны жүргізу кезінде донорлық қанды алу

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында донорлық сессияны өткізу кезінде дәрігердің донорды медициналық тексеруі