28.11.2022ж. «Шұбаркөл Көмір» АҚ қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді түрде ат салысты. Донорлыққа қатысу үшін барлығы 31 адам қатысуға өтінім білдірді. Қарағанды облысының пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін 14 л-ден астам донорлық қан дайындалды.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ басшылығы донорлық сессияға қатысқан қызметкер-донорларды қолдауға және ынталандыруға шешім қабылдады. Белсенділік білдірген барлық қызметкер корпоративті стильдегі сыйлармен, пайдалы сыйлықтармен ынталандырылды.
«Облыстық қан орталығы» КМК «Шұбаркөл Көмір» АҚ басшылығына және Акцияға белсене қатысқан қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіреді.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнына көшпелі жағдайда дәрігердің донорға медициналық куәландыру жасауы
Донорлық сессияны өткізу кезінде қан донациясы алдында донорға бастапқы зертханалық қарап тексеру жүргізу
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнында донорлық қанды алу сәті
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнында қан компаненттарын тіркеу барысы
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіпорнында анықтама беру барысы