Терроризмнің алдын алу туралы
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
Сақ болыңыз! Тек сіз үйге кіреберісте, аулада, көшеде бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде анықтай аласыз.
Сақ болыңыз! Айналадағылардың мінез-құлқына, иесіз және жағдайға сәйкес келмейтін заттардың болуына назар аударыңыз.
Өз үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз: кіреберісте домофоны бар темір есікті орнатыңыз, жертөлелердің, шатырлардың және техникалық үй-жайлардың жабылуын күнделікті тексеріңіз.
Көліктегі саяхатшылардың қауіпті мінез-құлқын байқамағандай сынай танытпаңыз! Сіз көліктегі қозғалыс қауіпсіздігіне толық құқығыңыз бар.
Ешқашан заттарды, тіпті ең қауіпсіз деген заттарды сақтауға немесе басқа адамға беруге болмайды.
Адам жоқ жерде күдікті затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретпеуге тиіс. Қаскүнем оны бір нәрседен қорқып тастай салуы мүмкін.
Егер сізде жарылғыш заттармен жеке тәжірибеңіз болса да, оларға жақындамаңыз. Қолдан жасалған жарғыштар өте сезімтал және күрделі айлакерлікпен жасалуы мүмкін.
Күмәнді заттарға қол тигізбеңіз, тіпті жақындамаңыз, бұл өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын үйретіңіз: көшеде сөйлеспеу, көлікке отырмау және бейтаныс адамдарға есік ашпау, иесіз ойыншықтарды алмау, табылған заттарға қол тигізбеу және т. б.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда әрекет етудің халыққа арналған жаднамасы
Терроризм актісін жоспарлауды немесе дайындауды куәландыратын белгілер:
- сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);
- техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың жертөлелерге және ғимараттардың шатырларына енуі;
- тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т. б. туралы мәліметтерді жинақтау;
- бөгде тұлғалармен маңыздылығы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.
Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Ұстауға өз бетіше әрекеттерді қабылдамауға;
- Олар туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
- Өзіңіз назарға түспей, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік нөмерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.
Күдікті зат тауып алған кезде әрекет етудің тұрғындарға арналған жаднамасы
Білген жөн: заттың сыртқы түрі оның нақты мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т. б.
Табылған заттың жарылу қаупін куәландыратын белгілер:
- машинада, баспалдақта, пәтерде және т. б. белгісіз түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
- бөтен сөмке, портфель, қорап, қандай да бір зат; табылған затты машинаның, пәтер есігінің, кіреберістің жанында өзгеше орналасуы;
- тартылған сым, бау, заттардың сыртынан көрінетін сымдар, қуат көздері немесе оқшаулағыш сымдар;
- табылған күдікті заттан шыққан шулар (сағат механизміне, төмен жиілікті шуларға тән дыбыс).
Егер Сіз күдікті затты тапсаңыз, бұл фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
- қоғамдық көлікте:
- заттың (сөмкенің және т. б.) тиістілігін немесе оны кім қалдыра алғанын анықтауға тырысыңыз;
- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы жүргізушіге немесе кондукторға дереу хабарлаңыз.
- өз үйінің кіреберісінде:
- көршілерден сұрастырыңыз, мүмкін, табылған зат оларға тиесілі. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз (тел.102, 112).
- көшеде, саябақта және т. б.:
- айналаңызға қараңыз, егер мүмкін болса, иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, табылған зат туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз (тел. 102, 112);
- затты қорғауға немесе бөтен адамдарды оған алыс қашықтықтан жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгеннен кейін заттың табылған уақыты туралы ақпарат беріңіз.
- мекемеде, ұйымда:
- табылған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.
Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс - әрекеттер жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, қирауға, көптеген құрбандардың болуына әкелуі мүмкін.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
- затты ашуға, орнынан қозғауға, көтеруге, тасымалдауға, қолға алуға;
- затты қалтаға, портфельге, сөмкеге және т. б. салуға;
- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
- табылған бейтаныс заттарды пайдалануға;
- затқа жақын жерде радио және электр аппаратурасын, ұялы телефондарды пайдалануға.
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама
Егер сіз жарылыс аймағында қалсаңыз, ес-түсіңізді жоғалтпай және қозғала алатын жағдайда болыңыз, онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге ауысуыңыз керек.
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін біле ме. Еш уақытта оны аммиактың көмегімен есін жинатуға тырыспаңыз. Сананың жоғалуы - дененің сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Оның сүйектерін мұқият тексеріңіз, егер зардап шеккен адамда сынықтар болмаса, оны бір жағына жатқызуға тырысыңыз. Арқада жату оның құсық массасынан тұншығуы, ал іште жатқанда ішіне жел толуы мүмкін. Артериялық қан кету кезінде (қан қызыл, қатты шашырап ақса) жараны мүмкіндігінше тезірек жоқ дегенде саусақпен жабу керек, содан кейін жарадан жоғары жерден белбеумен, жіппен, белдікпен байлау керек.
Егер сіз ғимарат конструкциялары сынықтарының астында болсаңыз, сабырлық сақтауға тырысыңыз. Терең және біркелкі дем алыңыз. Құтқарушылар сізді құтқарады деп ойлаңыз. Дауыспен және соққымен адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағышы арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.
Жабық кеңістікте от жағуға болмайды. Оттегін қорғаңыз.
Жаңа опырылуды болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша бағдар алыңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолда бар заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Шөл қатты қысқан уақытта ауызыңызға кішірек тасты салып сорыңыз және мұрынмен тыныс алыңыз.
Тұтқынға алынған жағдайда халықтың әрекет етуі бойынша жаднамаа
Тұтқынға алудың әр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.
Сонымен қатар, егер Сіз тұтқынға алынсаңыз:
- мүмкіндігінше тезірек өзіңізді қолға алыңыз, сабыр сақтаңыз және үрейленбеңіз;
- егер Сізді байлап немесе көзіңізді жауып қойса, бойыңызды еркін ұстаңыз, тереңірек дем алыңыз;
- мүмкіндігінше қатал сынаққа физикалық, моральдық және эмоционалды түрде дайындалыңыз. Бұл ретте адамдарды тұтқынға алу жағдайларының көпшілігі, тірі қалғанын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін арнайы және құқық қорғау органдары қазірдің өзінде кәсіби іс-шаралар қабылдап жатқанына сенімді болыңыз;
- егер қашудың сәттілігіне толық сенім болмаса, қашуға тырыспаңыз;
- террористер туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтаңыз. Олардың санын, қарулану дәрежесін анықтау, сыртқы келбетіне, дене бітіміне, әңгіме екпіні мен тақырыбына, темпераментіне, мінез-құлық мәнеріне және т. б. тән ерекшеліктерге назар аударған дұрыс. Барынша толық ақпарат кейінірек террористердің жеке басын анықтауға көмектеседі;
- әр түрлі белгілер бойынша орналасқан жеріңізді анықтауға тырысыңыз;
- мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және ұрлаушылардың өзінен қашықтықта болыңыз, яғни сізді босату бойынша белсенді шаралар қабылданған жағдайда (үй-жайға шабуыл жасау, қылмыскерлерді жеңу үшін мергендердің оттары және т. б.) қауіпсіздігі жоғары жерлерде орналасыңыз;
- ғимаратқа шабуыл жасалған жағдайда, қолыңызды бастың артына бүктеп, еденге төмен қаратып жату ұсынылады;
- шабуыл жасау және басып алу кезінде бастапқы уақытта (сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде біршама дұрыс емес әрекеттер болса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоциялық немесе физикалық жарақаттауы, жауап алуы мүмкін. Осындай жағдайларда шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) ақталған іс екенін түсіністікпен қараңыз.
Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
- агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, кенеттен және қауіпті қозғалыстар жасамаңыз, террористерді ағат әрекеттерге итермелемеңіз;
- мүмкіндігінше ұрлаушылармен тікелей байланысқа түспеңіз;
- басынан бастап (әсіресе бірінші жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтары мен өкімдерін орындаңыз;
- пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлықпен сөйлеңіз. Басқыншылардың ашуын тудыруы мүмкін дұшпандық үн мен мінез - құлықты тудыратын жеккөрушілікті білдіруден аулақ болыңыз;
- өзіңізді сабырлы ұстаңыз, өзі бағаңызды жоғалтпаңыз. Үзілді-кесілді жауап қайтармауға, бірақ сізге қажет нәрсені байсалды өтінішпен сұрауға қорықпаңыз;
- егер сізде қатты күйзеліс жағдайында көрінуі мүмкін денсаулыққа қатысты проблемалар болса, оны сізді ұстап алған адамдарға байсалды түрде айтыңыз. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жайлылығыңызды жақсартумен байланысты өтініштерді көбейтуге болады.
Тұтқындалушы жағдайында ұзақ болған кезде:
- уайым, абыржу және абдырау сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Өзіңізді болашақ сынақтарға ақылмен дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;
- үмітсіздік сезімінің пайда болуынан аулақ болыңыз, ол үшін өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;
- жағымды нәрселер туралы ойланыңыз және еске түсіріңіз. Уақыт өте келе босату мүмкіндігі арта түсетінін ұмытпаңыз. Қазір сіздің тезірек босатылуыңыз үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанына сенімді болыңыз;
- өзіңізге үнемі шұғылданатын іс табыңыз (жаттығу, оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.). Физикалық және интеллектуалдық қызметтің күнделікті кестесін жасаңыз, істерді қатаң әдістемелік тәртіпте орындаңыз;
- күшті сақтау үшін тамақ ұнамаса да, тәбетіңізді тудырмаса да, бергеннің бәрін жеп қойыңыз. Тәбет пен салмақ жоғалту осындай төтенше жағдайда қалыпты жағдай екенін біліңіз.
Психологиялық тұрақтылықты сақтау тұтқынға алынған адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мұнда ойдың анықтығын сақтауға, жағдайды барабар бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз сезімдер мен уайымдардан алшақтататын кез-келген тәсілдер мен әдістер жақсы. Келесі ережелерді білу пайдалы:
- осы жағдайларда қол жетімді физикалық жаттығулар жасаңыз, кем дегенде, дененің барлық бұлшықеттерін бір-бірлеп созыңыз және босаңсытыңыз;
- аутотренинг пен медитацияны барлық жағынан қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;
- оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б) ойланыңыз. Сіздің ақылыңыз жұмыс істеуі керек;
- егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сіз сондай-ақ жазба алынып қойылатынына қарамастан жазыңыз. Ақыл-ойды сақтауға көмектесетін процестің өзі маңызды;
- болып жатқан оқиғаны қатты көңіліңізге алмай, оқиғаны басқа біреумен болып жатқандай қабылдауға тырысыңыз, соңына дейін сәттілікке сеніңіз. Қорқыныш, депрессия және апатия - үшеуі Сіздің басты жауыңыз, олар Сіздің ішіңізде.
Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жадынама
Егер эвакуацияның басталуы туралы ақпаратты естігенде Сіз үйде болсаңыз:
- ауа-райына сай киініп, құжаттарды, ақшаны, құндылықтарды алыңыз;
- электр қуатын, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;
- эвакуация кезінде қарт және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
- кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;
- ғимараттан шығыңыз және эвакуатор командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.
Егер эвакуация туралы ақпаратты естігенде Сіз жұмыс орнында болсаңыз:
- асықпай және дүрбелеңсіз жұмыс құжаттарын сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшігіне салыңыз;
- өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, құндылықтарыңызды алыңыз;
- оргтехниканы, электр құралдарын, жарықты өшіріңіз;
- есікті кілтпен жабыңыз және эвакуациялау схемаларында белгіленген маршруттармен жүріңіз;
- ғимараттан шығыңыз және эвакуациялау басшысының командасын орындаңыз.