ТЖ туындаған кездегі іс-қимыл
Өрт туындаған кезде кәсіпорын персоналының әрекеті
Эвакуациялау, өрттің ушығуын болдырмау, оны оқшаулау және жою бойынша дұрыс іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін персоналдың кәсіби және психофизиологиялық қажетті дайындығын заманауи деңгейде ұстап тұру, сондай-ақ объект персоналының мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өзара іс-қимыл алгоритмі мен қағидаларын оқыту мақсатында шілде айында Қарағанды қ. ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ жасағының мамандандырылған қызметкерлерінің қатысуымен "Өрт кезіндегі кәсіпорын персоналының іс - қимылы" тақырыбында объектілік жаттығу өткізілді.
1) Қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялау 2) Өрт сөндіру бөлімі бөлімшелерімен кездесу
3) Түтін жамылғысы аймақтарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау бойынша арнайы операция
4) ГП-8 өрт сөндіргішін қолданып, үлгі ретінде жасалған өрт ошағын сөндіру.
Қыс кезіндегі ТЖ
Экстремалды температура – қатты аяз, көктайғақ
Қатты аяз
Қатты аяз – аталмыш жерде әдеттегі орта температурадан айтарлықтай ауытқыған экстремалды төмен ауа температурасы. Ауа температурасының ең төменгі деңгейі -35 °С және одан төмен болатын қатты аяз төтенше жағай болып табылады.
Қатты аяздар жүрек ұстамасы қатерін едәуір арттырады. Әсіресе қан қысымы көтерілетін адамдарда. Ғалымдар анықтағандай, егер ауа температурасы Цельси бойынша төрт градустан төмен түссе, онда жүрек ұстамасы қатері екі есеге артады.
Үй-жайдан тыс суықтың әсерінде ұзақ уақыт болған адам ағзасы қатты суыққа шалдығу қаупі бар, аса ауыр жағдайларда ағза тіндерінің зақымдануы – үсікке шалдығуы ықтимал.
Ауа температурасының оң температурамен бір күннен кейін теріс мәндерге дейін төмендеуі мұздату деп аталады
Мұздату ауыл шаруашылыққа көптеген зиян келтіреді, әсіресе төмен орналасқан аудандарда, онда суық ауа тұрып қалуы мүмкін.
Ауаның төмен температурасы (аяз) аса қауіп төндіреді. Суық ағза жылуының қарқындап жоғалуына әкеледі, тактильді және ауырсыну сезімталдығының әлсіреуін тудырады. Реакция жылдамдығын төмендетеді, қозғалысты әлсіретеді, жағымсыз әсерлер пайда болады. Адам денесінің орташа температурасы 36,6 °С құрайды. Бұл көрсеткіштердің 30 °С дейін төмендеуі ағзаны қатты суыққа шалдықтырады, ал адам денесі температурасының 24-25 °С дейін төмендеуі өлімге әкеледі.
Қатты суыққа қалай төтеп беруге болады
1.бас киім кию қажет (30% жылу бас киім болмағанда жоғалады);
2.бір орында тұрмай, қозғалып тұру қажет;
3/желден қорғаныңыз;
3.жылыну үшін жақын жердегі үй-жайды: дүкендер, тұрғын үйлердің кіреберістерін және т.б. пайдаланыңыз;
4.егер үй-жай болмай, ал Сізге елді мекендер жақын болса, онда сол жерге дейін жаяу барыңыз;
5.егер сіздің күшіңіз жоғалып бара жатса, кез келген тығылатын жер іздеңіз және сонда қалыңыз;
6. егер мұздап бара жатқаныңызды сезсеңіз, Өзіңіздің орналасқан жеріңіз туралы жақындарыңызға және шұғыл қызмет жұмыскерлеріне хабарлаңыз.
Қатты суыққа шалдығу
Көктайғақ
Қыс уақытында қар жауудан және аяздардан басқа көктайғақ сияқты жағымсыз құбылыс болады. Жер бетінің мұздануына температураның жылдам өзгеруі, төмен температура және қатты жел кезінде жаңбыр аралас қар жауу сияқты факторлар әсер етеді.
Көктайғақ 0°-ден -15 °С-ге дейін температура кезінде пайда болады. Жауан-шашын қатты суықтаған тамшылар түрінде жауады, алайда жер бетіне немесе заттарға түскенде, оларды мұзды қыбыршықпен жауып, қатып қалады. Мұз қабыршықтары бірнеше сантиметрге дейін жетуі мүмкін және бұтақтарды сындырады, сымдарды үзеді және т.б. тудыруы ықтимал. Мұз қабыршақтарының салмағы ауада тартылған сым желілері беріктігінен асып кетуі мүмкін.
Көктайғақ кезінде қауіпсіз жүріп-тұру
Көктайғақ кезінде жарақаттануды төмендету жөніндегі шаралар
1. Табанында бедерлері бар тайғанамайтын аяқ киім таңдаңыз, уақытша биік өкше аяқ киімдерден бас тартыңыз.
2. Қозғалыс барысында өзіңіздің аяғыңыздың астына қараңыз, қауіпті жерлерден айналып өтіңіз. Егер мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, одан сырғанап кішігірім қадамдармен – шаңғышы сияқты жүріп өтіңіз.
3. Жолдың көлік жүретін бөлігінен аса сақ болыңыз: асықпаңыз және мүлдем жүгірмеңіз.
4. Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
5. Жүріс кезінде табанға толығымен басып, тізеде аяқты аздап бүгіп, босаңсытып жүріңіз.
6. Қолдар мүмкіндігінше бос болуы қажет, ауыр сөмкелер көтермеңіз, қолыңызды қалтада ұстамаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады.
7. Тайғанап кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін отырыңқыраңыз. Құлау кезінде жиырылыңыз және жерге домалап соққыны жеңілдетуге тырысыңыз. Қолыңыздағы заттарды ұстап қалуға тырыспаңыз. Құлау кезіңде қолыңызбен тіреліп қалу мүмкіндігін жасаңыз.