Егер сіз алғаш рет қан тапсырсаңыз
Донордың құқығы
Донорлық функцияны жүзеге асыру барысында құрметпен қарауға, қысымшылық көрсетпеуге және құпиялықты қамтамасыз ету. Донорлардың мәдени және рухани қалауы донорлық функцияны орындаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясына, 1998 жылғы 7 қазандағы, 2007 жылғы 21 мамырдағы, 2011 жылғы 2 ақпандағы өзгертулеріне сәйкес (II бөлім. Адам және азамат, 12,13,16,17,18-баптар.)
12-бап.Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары және бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары және бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.
13-бап. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.
16-бап. Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
17-бап. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.
18-бап. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
«Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221 ҚР Заңына сәйкес (1-бап, 2,3,4,13-т.)
Донор егер өтінішпен келуге белгілі бір себептер туындаса, Облыстық қан орталығына жазбаша және ауызша түрде қан орталығының сайтына, сенім телефонына, ұсыныстар мен ескертулер кітабына, ұсыныстар мен ескертулерге арналған жәшікке өтінішпен келуге құқылы.
Қазақстан Республикасының 07.07.2020 ж. № 360 – VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес (1-параграф, 24-тарау, 203-208 баптар)
24-тарау. ДОНОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТАТТАУ
1-параграф. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы
203-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттерін дайындау және қан препараттарын өндіру
1. Донорлық функцияны жүзеге асыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы қанның, оның компоненттерінің донорлығы болып табылады.
2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін донорларды тарту өтеусіз немесе өтеулі негізде жүргізіледі.
Донорларды өтеулі негізде тарту донорлық функцияны өтеусіз негізде орындайтын донорлар болмаған кезде жүзеге асырылады.
3. Қанды, оның компоненттерін дайындау процесі:
1) донорлық қанды алу процесі болып табылатын қанды;
2)жекелеген қан компоненттерін (плазманы, жасушаларды) алу процесі болып табылатын қан компоненттерін донациялауды қамтиды.
4. Қанды дайындау мен қайта өңдеу процесінде:
1) жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлінетін қанның құрамдас бөліктері болып табылатын қан компоненттері;
2) донорлық қанды қайта өңдеу кезінде өндірілген дәрілік заттар болып табылатын қан препараттары алынады.
204-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттерін дайындау және қан препараттарын өндіру саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар
1. Аллогендік донорлардан алынатын қанды, оның компоненттерін дайындауды, қайта өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
3. Донорлық, қанды, оның компоненттерін және препараттарды дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшін жауапты болады, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін мынадай мақсаттар үшін өткізеді:
1) клиникалық қолдану;
2) қан препараттарын өндіру;
3) тірі организмнен тыс (in vitro) диагностика үшін медициналық бұйымдарға реагенттер және (немесе) жұмсалатын материалдарды (оның ішінде клиникалық қолдануға жарамсыз қан компоненттерінен) дайындау үшін пайдалану.
4. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
205-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету
1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі уәкілетті орган бекіткен донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда орындалатын зертханалық зерттеулер сапасына бағалау жүргізуді республикалық қан қызметінің референс-зертханасы жүзеге асырады.
2. Тиісінше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарын пайдалануға және өткізуге тыйым салынады.
3. Донорлық қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлері оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың, сондай-ақ трансфузиялық көмек көрсету тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
206-бап. Қан мен оның компоненттері донорларының құқықтары мен міндеттері
1. Он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық куәландырудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген жеке тұлға донор болуға құқылы.
2. Донор:
- қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеусіз жүзеге асыруға;
- қан мен оның компоненттерін донациялауды ақыға жүзеге асыруға;
- медициналық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысуға;
- осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.
207-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау
1. Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донор уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті медициналық зерттеп-қараудан өтеді.
2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін денсаулықтың жай-күйі туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақысыз негізде беріледі.
3. Қан мен оның компоненттерінің донорларын медициналық куәландыру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
208-бап. Донорға берілетін кепілдіктер, жұмыс берушілер мен ұйымдардың қан мен оның компоненттерінің донорлығын дамыту бойынша құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыскер жұмыс күндері медициналық зерттеп-қаралу және қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау кезінде орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.
2. Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.
Қан мен оның компоненттерін донациялау болмаған кезде қосымша демалыс күні берілмейді.
3. Егер донор болатын жұмыскер жұмыс берушімен келісім бойынша қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау күндері жұмысқа шықса, оның орташа жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
4. Донор болатын жұмыскерді қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау күндері түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
5. Донорлар болатын әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ студенттер (оқушылар) қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан және оқу-тәрбие процесінен босатылады.
6. Донорларды көтермелеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донор қан және (немесе) оның компоненттері донацияланғаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшерде оның ақшалай баламасын алады.
Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау болмаған кезде қан және (немесе) оның компоненттері донацияланғаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін тегін тамақ не оның ақшалай баламасы берілмейді.
8. Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын қанның, оның компоненттерінің донорына қанды, оның компонентерін дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы төлем жүргізеді.
9. Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің тәртібін, өлшемшарттарын және мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.
10. Жұмыс берушілер мен ұйым басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында:
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын донорлар қатарына тартуда жәрдем көрсетуге;
2) қанды, оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға;
3) донор болатын жұмыскерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күні жұмыстан кедергісіз босатуға;4) донор болып табылатын жұмыскерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті.
11. Жұмыс берушілер мен ұйым басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар.
ҚР ДСМ 02.10.20 ж. 113/2020 «Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес.
Қан - ағзаның сұйық байланыс тіні арқылы қалыптасқан ішкі ортасы
Қан плазмасы – құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ағзаны қан кетуден сақтайды.
Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау. Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа формалық элементтердеге қарағанда төмен.
Қан қалпына тез келетін тіндер қатарына жатады. Қанның формалық элементтерінің физиологиялық регенерациясы қан жасаушы ағзалары арқылы бұрынғы жасушаларды жою және жаңасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Сүйек кемігі адам мен өзге сүтқөректілердегі негізгі бөлік болып табыады. Адамда қызыл немесе қан жасаушы сүйе кемігі негізінен жамбас сүйектерде және ұзын түтікше сүйектерде орналасқан.
ҚАННЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Қан қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып, ағзадағы түрлі функцияларды атқарады:
-
Тасымалдаушы — қанды айналдыру; оның бірнеше кіші функциялары бар:
- Демалу – оттегіні тіндерден және көмір қышқылды газды тіндерден өкпеге тасымалдау;
- Қоректендіру — қоректендіру заттарды тіндер жасушаларына жеткізеді;
- Экскреторлық — зат алмасудың қажетсіз заттарын ағзадан шығару үшін өкпе мен бүйрекке тасымалдау;
- Термореттегіш — дене температурасын реттейді;
- Реттеуші — оларда пайда болатын заттарды (гармондар) тасымалдай отырып, түрлі ағзалар мен жүйелерді өзара байланыстырады.
- Қорғаныс — бөтен антигендерден жасушалық және гуморалдық қорғанысты қамтамасыз ету;
- Гомеостатикалық — гемеостазды (ағзадағы ішкі ортаның тұрақтығы) – қышқылды-негізгі тепе-теңдікті, су-электролиттік балансты және тағы басқаны сүйемелдеу;
- Механикалық — ағзаларға қан келу арқылы тургорлық кернеуді беру.
Осы топтар бойынша қан үйлесімділігін сақтау қанды қауіпсіз құю үшін ерекше маңыздылығы бар. Қанның маңыздылығы жоғары емес те қан топтары бар. Әке-шешесінің қан тобын біле тұра, баланың да қан тобын болжамдауға болады.