Мамандарды қан тобын және резус тиістілігін анықтау бойынша тағылымдадан өткізу
Медициналық ұйымдардың басшыларына
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 140/2020 «Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-тарауы, 3-тармағы, 5-тармақшасы: «Трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту» мақсатында «Облыстық қан орталығы» КМК «Медициналық ұйымдарда трансфузиялық көмек көрсету тәртібі» тақырыбында иммуногематологиялық зерттеулер әдістемесін (қанның тобы мен резус тиістілігін айқындау) тәжірибе жүзінде игере отырып, 1 күндік тағылымдама өткізуді ұйымдастырады.
Оқытуды трансфузиология-дәрігерлері, жоғары және бірінші санатты зертханашы-дәрігерлер жүргізеді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін сертификат беріледі, білім алушылар қағаз және электрондық тасығыштарда әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі. Оқу құны 20 944 (жиырма мың тоғыз жүз қырық төрт) теңгені құрайды.
Облыс орталығынан шалғайдағы қалаларда (аудандарда) білім алушылар тобын кемінде 10 адам қабылдаған кезде көшпелі оқыту жүргізуге мүмкіндік бар.
Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөліміне мына тел: бойынша 8 (7212) 50-79-09 (ішкі нөмірі 209), электрондық мекенжайы: donorblood@donorblood.kz хабарласуға болады.