Несепті талдау
Жинау ережесі, дайындық: Несеп тапысыру қарсаңында несептің түсін өзгертетін, көкеністер мен жемістерді (қызылша, сәбіз және т.б.) қолданбауға, несеп айдайтын заттарды пайдаланбауға ұсынылады.
Несепті жинар алдында жыныс органдарына мұқият гигиеналық шараларды жүргізу қажет. Әйел адамдарға етеккірі кезінде несеп талдауын тапсыруға ұсынылмайды. Зерттеуді дұрыс жүргізу үшін таңғы бірінші несеп шығару кезінде несептің кішкене бөлігін (алғашқы 1- 2 сек) унитазға жіберіп, одан кейін, несеп шығаруды үзбестен несеп жинауға арналған контейнерді қою қажет. Шамамен 50 мл таңғы несепті қақпағы саңылаусыз жабылатын құрғақ контейнерге жинау керек.
Таңбалау: несепті жинауға арналған контейнердің заттаңбасында (ыдыста) келесі ақпарат көрсетілуі тиіс: пациенттің Т.А.Ә., ЖСН, туған күні, несепті жинау күні.
Зерттелетін материал: Несеп (арнайы контейнерге жиналған таңғы несептің ортанғы бөлігі).
Несепті талдау – бірқатар ауруды диагностикалау және ағымын бақылауда, сонымен қатар скринингтік қарап-тексеруде пайдаланылатын зерттеу әдісі.
Жалпы қаситеті: (түсі, мөлдірлігі, меншікті салмақ, рН, ақуыз, глюкоза, билирубин, уробилиноген, кетон денелері, нитриттар, эритроциттер, лейкоциттер).
Анықтау әдісі: шағылыстырғыш фотометрия.
Жабдық: Несеп талдауышы Uriscan Optima (Оңтүстік Корея өндірісі).
Орындалу мерзімі: 15мин