Аутогемотерапия
Аутогемотерапия емшарасын жүргізу бойынша ақпарат
Қажетті құжаттардың тізімі:- медициналық ұйымның және дәрігердің жеке мөрлері бар емдеуші дәрігердің аутогемотерапия емшарасын жүргізуге жолдама;
Аутогемотерапия емшарасы арнайы дайындықты талап етпейді.
- Аутогемотерапия емшарасында шынтақ бүгілісі көктамырынан бір реттік шприцке 2-ден 10 мл-ге дейінгі көлемде қан алынады және бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадрантына енгізіледі.
- Дәрігер емдеу әдісін жеке-жеке тағайындайды, бірақ көбінесе ол келесідей болады: бірінші инъекцияда 2 мл қан енгізіледі, содан кейін бұл доза біртіндеп 10 мл-ге дейін артады. Аурудың ауырлық деңгейіне және емдеу тактикасына байланысты инъекциялар саны 10-15 құрайды.
- Шынтақ бүгілісіндегі таңғыш немесе гемостатикалық пластырь көктамырдың тесілген жерінде 2 сағаттай тұруы керек.
Анықтама телефоны: 8(7212)50-30-33 тіркеу бөлімі (ішкі 210).
8 (7212)50-79-09 қабылдау бөлімі (ішкі 210).
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК