Қанның көктамыр ішіне лазерлік сәулеленуі
Қанды көктамырішілік лазерлі сәулелендіру (ҚКЛС) емшарасын жүргізу бойынша ақпарат
Қажетті құжаттардың тізімі:
- медициналық ұйымның және дәрігердің жеке мөрлері бар емдеуші дәрігердің емшараны жүргізуге жолдамасы;
«Облыстық қан орталығы» КМК дәрігері емдеуші дәрігердің жолдамасы болғанда қабылдауды жүзеге асырады.
Емшара арнайы дайындықты талап етпейді.
Қанды көктамырішілік лазерлі сәулелендіру (ҚКЛС) емшарасы
- Бұл жарық терапиясы әдісі, ол тамыр арнасында төмен қарқынды лазерлік сәуленің қан жасушаларына тікелей әсер етуі. Емдеу «Матрикс-ВЛОК» (Ресей) аппаратында жүргізіледі.
- Емшараны жүргізу үшін шынтақ бүгілісі көктамырына кіріктірілген жарық диоды бар бір реттік стерильді ине енгізіледі. Бұл ине арнайы түтіктің көмегімен лазерлік сәулелену көзіне қосылады. Емшараның ұзақтығы 15-20 минут.
- Курстың ұзақтығын аурудың ауырлық деңгейіне байланысты немесе қажетті әсерге жету үшін дәрігер тағайындама жасайды. Әдетте курс 3-тен 10-ға дейін емшарадан тұрады.
Емшарадан кейінгі ұсыныс:
- Шынтақ бүгілісіндегі таңғыш немесе гемостатикалық пластырь көктамырдың тесілген жерінде 2 сағаттай тұруы керек.
Қосымша ақпаратты «Облыстық қан орталығы» КМК дәрігерінен консультация кезінде алуға болады.
Анықтама телефоны: 8(7212)50-30-33 тіркеу бөлімі (ішкі 210).
8 (7212)50-79-09 қабылдау бөлімі (ішкі 210).
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК