Біздің тарихымыз
Тұңғыш рет Қарағанды облысында қан құю 1936 жылы Республиканың еңбек сіңірген дәрігері Алалыкин Герман Никаноровичпен орындалды.
1938 жылы Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 05.09.1938г. № 171 бұйрығы бойынша Қарағанды облысының қан құю станциясы ұйымдастырылып, ескі қаланың қисайған ескі ғимаратында жұмыс жүргізіле басталды.
Оның бірінші бас дәрігері Раева Маргарита Павловна болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары қан құю сатанциясы Қарағанды қаласында орналасқан эвакуациялық госпитальді қанмен қамтамасыздандырған.
1962 жылы Мичурин көшесінен ғимарат берілді, одан кейін 1971 жылы Терешкова көшесі 28 орналасқан ғимарат берілді.
Қан құю станциясына жетекшілік еткен басшылар:
- 1949 – 1954жж. - Поляков Никанор Георгиевич
- 1954 – 1956жж. - Трофимов Петр Иванович
- 1956 – 1961жж. - Капилович Юрий Хананович
- 1961 – 1994жж. - Тостановская Анна Ивановна
- 1994 – 1997жж. - Степанова Ольга Ивановна
- 1984 жылы Облыстық қан құю станциясы Облыстық қан орталығы деп өзгертіліп аталды.
- 1997 ж. 2012ж. дейін «Ең үздік денсаулық сақтауды ұйымдастырушы- дәрігер» номинациясының кәсібі бойынша ең үзік, медицина ғылымының кандидаты Владимир Романович Локтионов басқарды.
- 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - денсаулық сақтаудың үздігі, медицина ғылымының кандидаты Абилкасимов Ерденбай Абилкасимович басқарған.
Қарағанды облысының қан құю станциясы Қазақстан Республикасында ең алғашқылардың бірі болып советтік ғылымы берген барлық жаңа жетістіктерді игерді.
- 1964 жылы - экспресс әдістер үшін әмбебапты сарысу антирезусты дайындау әдістемесі игерілді.
- 1970 жылы - плазманы құрғату бөлімі ұйымдастырылды.
- 1974 жылы - отандық және шетелдік өндірушілердің заманауи рефрижераторлы центрифугаларында плазмаферез әдісі енгізілді.
- 1976 жылы – альбумин ертіндісінің алғашқы 2 топтамасы шығарылды.
- 1977 жылы – мұздатылған криопреципитатты өндіру меңгерілді.
- 1979 жылы - протеиннің шығарылымы жолға қойылды.
- 1984 жылы - барлық ЕАҰ-на резус-факторды анықтау экспресс әдісі енгізілді.
- 1985 жылы - мобилизациялық қорды салу үшін құрғақ плазманың сериялық шығарлуы. Облыстық қан құю станциясы 20-ға таяу компоненттер мен препараттарды шығарады, олар: құрғақ, табиғи, антистафилококты, антигемофильді плазмасы, тромбо- және лейкомасса, Филатовтың сарысуы, иммуноглобулин және тромбин.
- 1997 жылы - препараттарды өндіру бөлімі қайта құрылып, 50-100 мл өлшеніп оралған 10% альбумин ертіндісі шығарылды.
- 1998 жылы – зертханалық және өндірістік участкелер қайта жөнделді.
- 2002 жылы - ылғи толықтырылатын қауіп тобындағы тұлғалар бойынша электрондық дерекқор база бағдарламасы құрылды.
- 2005 жылы - донорлық қанның препараттарын өндіру бөлімі қайта құрылды, яғни технологиялық аспектіде - плазманы сублимация әдісі ультрасүзгіш «Миллипор» Pelicon – 2 жүйелі әдісіне ауыстырылды.
- 2006 жылы - Облыстық қан орталығының жұмыс режимі тек бір рет қолданылатын стерилді материалға ауыстырылды. Емдік үдерістер үшін қажетті плазманың көлемін алу үшін "Геманетикс" РSC -2 фирмасының 2 плазмаферез аппараттары бар.
- Облыстық қан орталығы халықаралық талаптарға жауап беретін, дүниежүзілік өндірушінің қазіргі заманға сай технологиялық және медициналық жабдықтармен жасақталған.
- Қан жинау залы жаңартылған, донация жүргізу үшін арнайы донорларға ыңғайлы донорлық креслолар қойылған. Ең алдыңғы дүниежүзілік өндірушілердің гемакондары пайдаланылады. Донорлық қан препараттары мен компоненттерін сақтау үшін медициналық тоназытқыш жабдықтар бар.
- 2008 жылы – плазманы карантиндеу және қанның жасушаларын (эритроциттер) ұзақ мерзімде сақтау үшін қан банкі ұйымдастырылды.
- 2011 жылы - "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы шегінде Қарағанды облысының қан қызметі тарихына енген қауіпсіз донорлық қан компоненттерімен медицина ұйымдарын қамтамасыз ететін заманауи әлемдік стандарт бойынша жабдықталған заман талабына сай Облыстық қан орталығының ғимараты салынып, пайдалануға берілді.
- 2011 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев жұмыс сапарымен біздің орталығымызда болды.
Жаңа Қан орталығында қан дайындаудың автоматты жүйесі қарастырылған. Қанның компоненттері: плазмаферез PCS – 2, цитоферез – MCS аппараттарында дайындалады және де қан компонентінің барлық түрлері, оның ішінде донор плазмасы, жасуша компоненттері осы аппараттарда өндіріледі.
Белгілі және белгісіз патогендерден қосымша қорғауды қамтамасыз ететін - INTERCEPT бірегей жүйеде қанның инактивациялық технологиясы енгізілді- бұл пациенттер үшін қан қауіпсіздігінің жаңа деңгейі болып табылады.
Гемокомпоненттерді лейкофильтрлеу әдістері енгізілді, бұл қанда болатын және инфекциялық аурулардың пайда болуына бастамашы болатын вирустардың шекті концентрациясын азайтуға көмектеседі. Осының арқасында лейкоциттердің қоспасынан туындаған бірқатар иммунологиялық асқынулардың алдын алуға, сондай-ақ ақ қан жасушаларымен (цитомегаловирус, Эпштейн-Барр вирусы, адамның Т-лимфотропты вирусы) байланысты вирустардың тасымалдануын болдырмауын қамтамасыз етеді.
- 2011 қазанда – автоматты анализатордың жабық түрінде ИФТ+ПЦР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен трансфузиялық инфекцияларға донорлық қанды тестілеудің екісатылы жүйесі енгізілді.
Бірінші кезеңде донорлық қанның үлгілері иммуноферментті реакция (ИФА) әдісімен зерттеледі, екінші кезеңдегі зерттеу Cobas AG (Швейцария) ПЦР-диагностикасы үшін автоматты кешенде өткізіледі.
Донор қанын зерттеу алгоритмі скрининг үлгілері арқылы ПЦР әдісімен оларды серологиялық тесттерде зерттеу бір мезгілде жүргізіледі және гемоөнімдерінің жұқпа қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік жасайды.