Садвакасов Толеген Мергенович
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК басшысы
09.11.1972 жылы туған.
Туған жері: Қарағанды қаласы
Білімі:
- Жоғары медициналық (Қарағанды мемлекеттік медициналық институты 1990-1996ж.ж., мамандығы «педиатрия»)
- Жоғары экономикалық (Қарағанды экономикалық университеті 2011-2013ж.ж., мамандығы «менеджмент»)
- Магистратура (Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 2014-2015ж.ж., мамандығы "Қоғамдық денсаулық сақтау")
- PhDr, 2018 ж.
Жұмыс тәжірибесі:
- 1996-1997ж.ж. Қарағанды қ. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы – балалар хирургі.
- 1997-2003ж.ж. Қарағанды облыстық көпсалалы емдік-диагностикалық бірлестігінің амбулаторлық хирургия орталығының травматолог-ортопед дәрігері.
- 2003-2005ж.ж. Облыстық көпсалалы емдік-диагностикалық бірлестігі директорының стационарлық және хирургия қызметі жөніндегі орынбасары.
- 2005-2009ж.ж. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқарамасының стационарлық қызметті дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы.
- 2009-2011ж.ж. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдік-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары.
- 2012ж. ҚР ДСМ Қарағанды облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің директоры.
- 2012-2014ж.ж. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
- 2014 ж. - осы уақытқа дейін Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық қан орталығы" КМК директоры