Біз әлеуметтік желідеміз


Донорлық бағдаршам 20.11.18

0(I)

Резус
Rh+
Rh-

A(II)

Резус
Rh+
Rh-

B(III)

Резус
Rh+
Rh-

AB(IV)

Резус
Rh+
Rh-

Осы топтың және резус фактордың қан қоры қауіпті жағдайға жеткен, шұғыл арада келіп, қан тапсыруыңыз қажет.

Осы топтың және резус фактордың қан қоры жеткіліксіз, келіп, қан тапсыруыңыз қажет.

Осы топтың және резус фактордың қан қоры жеткілікті түрде бар және Қан орталығына келуді кідірте тұрыңыз.



RU KZ
Құрметті сайт қонақтары!

ПРЕСС-БАСЫЛЫМ
Қарағанды облысының қан қызыметіне 80 жыл
«Миссияны лайықты орындай отырып адам өмірін құтқару»

Өткізізілетін орны: Қарағанды қ., Шахтеров 81 пр., «Областық қан орталығы»
Өткізілу уақыты мен күні: 22.11.2018 ж. 09.00.-13.00.

 Қарағанды облысының қан қызметінің негізгі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында қалана басталды. Қарағандыда алғаш рет қан құю 1936 жылы республиканың еңбек сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау саласының қызметкері Алалыкин Герман Никаноровичпен қолданылды. Қарағанды облыстық қан құю бекеті 1938 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының №171 бұйрығымен 1938 жылы ұйымдастырылған.
 22.11.18ж. облыстық қан қызметінің 80 жылдығына орай салтанатты шаралар өткізілуде, оған қан қызметі ардагерлері, республикалық және облыстық медициналық ұйымдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, облыстық әкімдіктердің, денсаулық сақтау басқармаларының, ӘМСҚ, университеттердің өкілдері шақырылды.
 Іс-шаралар кешені зертханалық қызмет көрсету мамандары мен трансфузиологтар үшін тақырыптық семинарлар ұсынады. Орталықтың холлында қан қызметінің даму тарихындағы басты кезеңдерді көрсететін фотоматериалдар мен экспонаттар қойылады. Орталықтың экрандарында және конференц-залда тұрақты режимде қызметтің қалыптасуы мен жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетіледі.
 Ардагерлер, қан донорлары, орталық қызметкерлері, облыстың қан қызметін құруға және дамытуға, халық арасында қан тапсыруды насихаттауда елеулі үлес қосқан медициналық ұйымдардың мамандары мен қызметкерлері мерейтойлық медальдар, алғыс хаттар, сертификаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталады.
 Бірнеше ұрпақ медицина қызыметкерлерінің таңдалған приореттетерінің арқасында және жұмыстын жеткен жетістіктеріне байланысты Қан орталығы бүгінгі күнде жетекші аймақты орталық болып табылады. Оған халықаралық стандартқа сай сапамен қауіпсіз қанның компоненттерінің шығаруы және үлкен деңгейдегі медециналық қызмет көрсету мен сервисі жатады


Байланыс деректері:

т: 8 (7212) 50-79-09 қабылдау бөлмесі
donorblood@donorblood.kz
сайт: www.donorblood kz



2018 жылғы 16 қаңтарда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы және Облыстық қан орталығы мамандарының кездесуі өтті. Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі жұмыс бөлімінің басшысы С.В. Щеткина, бөлім сарапшысы Г.С. Кеншинбаева жұмысты ұйымдастыру және МӘМС бағдарламасын кезеңдік енгізу, мақсаттар мен міндеттер, нормативтік-құқықтық базаны құру жайында сөз қозғады.
Кездесуде медициналық ұйымдарға бекітілу бойынша, жүйеге қатысушылардың санаттары бойынша, шетел азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы сұрақтарға жауап берілді.




«Өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері бойынша Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталықтың әріптестерімен тәжірибе алмасу



2018 жылғы 16 қаңтарда Облыстық қан орталығында медицина ғылымдарының докторы, «Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығы» ФМБМ дәрігерлердің білімдерін жетілдіру институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының доценті Мадзаев Сергей Руслановичтің қатысуымен өндірістік трансфузиологияның медициналық қызметкерлеріне арналған «Тромбоциттерді клиникалық қолдану. Посттранфузиологиялық сепсис» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарда қан компоненттері қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, қатерді азайтудың, септикалық трансфузиялық реакциялардың және т.б. негізгі тәсілдері баяндалды. Семинар уақытында елмен тәжірибе алмасылды және өндірістік трансфузиологияның өзекті сұрақтарына жауап берілді.








Мемлекеттік органға қалай шағым жіберуге болады?








ҚР азаматтарына арналған «QAMQOR» мобилдік қосымша